Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » ТҮРКІСТАНДА «ӨЗБЕК ЭТНОСЫНЫҢ ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛЕРІ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ӨЗБЕК ЭТНОСЫНЫҢ ТІЛІ, МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛЕРІ» АТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан қаласындағы Этноауыл кешенінде Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне орай, облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және дәстүрлері» атты мерекелік шара өтті.
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Достық» қауымдастығы, облыстық өзбек этномәдени бірлестігі ұйытқы болған іс-шарада өзбек халқының ұлттық тағамдары мен қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылып, арнайы концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды.
Мерекелік іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Бақтияр Ибрагимов, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Дархан Қыдырәлі, Алишер Сатвалдиев, Геннадий Шиповских, Амангелді Ғабділкәрімұлы, Ғалиасқар Төлендіұлы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, сондай-ақ облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар және Аналар кеңесі, этномәдени бірлестік төрағалары мен мүшелері қатысты.
Көпшілік алдында құттықтау сөз сөйлеген ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Бақтияр Ибрагимов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев және Сенат депутаттары еліміздің берекелі бірлігін нығайтудың маңызына кеңінен тоқталды.
Берекелі бірлікке үндеген мерекелік іс-шара облысқа танымал мәдениет саласы өнерпаздарының гала концертіне ұласты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*