Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XXI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XXI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті XXI сессиясы өтті. Жиында 8 мәселе қаралып, барлығы депутаттар тарапынан қолдау тапты. Сессияға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков қатысты.

Кезекті қалалық мәслихат сессиясының күн тәртібінде алдымен «2024-2026 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Қалалық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев бюджет жобасын баяндады. Қалалық бюджет жобасы Қоғамдық кеңесте және мәслихаттың тұрақты комиссияларында жан-жақты талқыланған. Басқарма басшысы жалпы бюджет көлемін 15 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылып отырғанын атап өтті. Аталған қаржы бірінші кезекте халықтың өзекті мәселелерін шешуге, кәсіпкерлікті қолдау шаралары, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік мәселелер және тағы басқа салаларға бағытталмақ. Яғни, қала бюджетінің көлемі бүгінгі таңдағы 764 млрд теңгеден 779 млрд теңгеге ұлғаймақ.

Сонымен қатар, мәслихат сесиясында Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасын екі басқармаға бөлу мәселесі талқыға түсіп, шешімін тапты. Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы, Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы деп қайта құру бойынша көтерілген ұсынысын мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Бүгінде мегаполис қаланың сәулеттік келбетін дамыту күн тәртібінде тұр.

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков кезекті сессияда маңызды мәселелер қаралғанын атап өтті. Инфрақұрылыммен қамту, халықтың өмір сүруін жақсарту бағытында маңызды шешімдер қабылданғанын айтып, бұл бағытта депутаттарды одан әрі де бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*