Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНДЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан қаласында жалпы қар тазалау және жаңбыр суларын тазарту жұмыстарына таңғы 6:00-ден бастап арнайы 23 техника жұмылдырылды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Түркістан Қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение снегоочиститель, дорога и текст
Оның 9 данасы — КДМ, 4 дана — Беларус трактор, 7 дана — тратуар тазалайтын қызыл трактор, 3 — дана водавоз техникалары.
Тазалық жұмыстары алдымен маңызы бар үлкен көшелер мен нысандарда, ішкі орам көшелер мен аула іштерінде жүргізіледі.
Дәл қазір тазалық жұмыстарына 120 адам жұмылдырылған.
Сондай-ақ, жылу қазандықтарының жұмыстары толық бақылауда.
Возможно, это изображение 4 человека
Айта кетейік, Түркістан қаласы жолдарының ұзындығы 845 шақырымды құрайды. Оның ішінде 125,61 шақырымы орталықтағы бірінші кезекте қардан тазаланып, инертті материалдар себілетін жолдар. Биыл жыл басынан бері асфальтты жолдар көлемі 41,7 км артқан.
Қазіргі таңда, коммуналдық жұмыстарға жауапты «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС, «Жасыл ел» ЖШС және «Түркістан Су» МКК мен «SK Geokard» ЖШС мекемелері тарапынан 12 КДМ, 18 трактор әзірленген. Сондай-ақ, қосыша инфрақұрылым, құрылыс, жол бөлімдері, «Жасыл Түркістан» КММ, «Жол Қызметі» тарапынан – 10 жүк тиегіш, 22 камаз техникалары дайын.
Возможно, это изображение 1 человек
Кәсіпорындар тарапынан маңызы бар автомобиль жолдарын қардан тазарту үшін жалпы 52 арнайы техника, 420 жұмысшы жұмылдырылмақ. Автомобиль жолдарын дер кезінде қардан тазалап, көктайғақтың алдын алу үшін қажетті инертті материалдардан 310 тонна құм және 190 тонна тұз бар.
Магистральды көшелерді қардан тазалау ІІІ бағытта жүзеге асырылады. Бірінші бағытта- 10 көше – 55,4 шқ: қала сыртындағы айналма жол, Саттарханов, Әкімшілік іскерлік орталық, Байбұрт көшесі, Әмір-Темір көшесі, Қожанов көшесі, Тәуке хан көшесі, Ерубаев көшесі, Тыныштықұлов көшесі, Қызылорда айналма жолы, Әуежай т/ж. Екінші бағытта- 9 көше – 34,8 шқ: Қазбек-би көшесі, Шекті тілеу көшесі, Алматы көшесі, Майкотов көшесі, Жандосов көшесі, Жангелдин көшесі, Майлин көшес, Кененсары хан көшесі, Жарылқапов көшесі. Үшінші бағытта- 6 көше-14,6 шқ: Кентау тас жолы, Яссы көшесі, Тараз көшесі, Қожабаев көшесі, Жібек жолы көшесі, Отырар мөлтек ауданы.
Возможно, это изображение 2 человека и Арктика
Сондай-ақ, қосымша 31 көше мен 5 саябақ, ӘІО аумағы, Рухани-мәдени Орталық аумағы, Б.Саттарханов бойындағы желілік саябақтар реттілігімен тазаланады.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*