20 желтоқсан күні Түркістан қаласы темір жол вокзалы аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық штабымен «Теміржол-Антитеррор-2024» жекеленген жаттықтыру өткізілу жоспарлануда. Аталған іс-шараның мақсаты құқық-қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.
Осыған байланысты облыс және қала тұрғындары мен қонақтары жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен тұрғындардың қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырылады.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Түркістан облыстық жедел штабы
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары