Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ЖЫЛ ЖЕТІСТІГІ: АБАЙ АУДАНЫНДА 95 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

ЖЫЛ ЖЕТІСТІГІ: АБАЙ АУДАНЫНДА 95 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Шымкент қаласы, Абай ауданында биыл инфрақұрылымды жақсартуда жүйелі жұмыстар атқарылды. Ауданда 95 көше асфальттеліп, 4 магистраль көше күрделі жөндеуден өтті. 245 көше жарықтандырылып, 24 көшеде ирригациялық арықтар жаңартылды.

«Халық қатысатын бюджет» аясында жаңа гүлзарлар мен ойын алаңшалары салынды: 1 гүлзар, 18 ойын алаңшасы және 2 спорт алаңшасы тұрғындар игілігіне берілді. Бұдан бөлек демалыс орнының құрылысы аяқталды. Шымсити, Ақжайық және Қызылжар шағын аудандарында 5 мурал салынды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*