Төлеби ауданы әкімдігінің конференц залында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Естемесов Мұрат Рашидұлы және аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Серікбаев Лесбек Әуезханұлының төрағалығымен жиын өтті. Басқосуда бүгінгі таңда республикада өте маңызды, әрі әрдайым ерекше назар аударылатын цифрландыру саласын дамыту, әсіресе жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алдын алу және басқа да жобалар талқыланды.
Сондай-ақ, радио байланыс жүйесі және коммерциялық нысандардағы және жалпы білім беретін мекемелердің бейнекамераларын Түркістан облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына біріктіру мәселесі де сөз болды.
Соңғы үлгідегі цифрлық әлеуетке ие бейнекамералар орнату көлік қозғалысын бақылап қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтап, заң бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік береді.
Тұрғындар, әсіресе балалар қауіпсіздігі үшін алаңдамауы тиіс. Барлық жерде бейнекамералар орнатылғаннан кейін ұрлық-қарлық, бұзақылық, түрлі деңгейдегі қылмыстар азаятынына сенімділік мол.
Аудандағы мекеме басшылары жиын барысында көтерілген мәселелерге қатысты жұмыстар жалғасын табатынын және оны реттеуге барлық мүмкіндіктер қарастырылатынын айтты.