Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Алтын ұрлап, айыпты болды

Алтын ұрлап, айыпты болды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар қала тұрғынын қолға түсірді.
31 жастағы күдікке ілінген әйел зергерлік бұйымдар сататын бутикке кіріп, сатушыдан алтын алқаларды көрсетуді өтінген. Сатушының басқа клиенттерге қызмет көрсеткенін пайдаланып, алтын алқаның біреуін жасырын ұрлап, қылмыс орнынан бой тасалаған.
Алайда ұрлаған бұйымды ломбардқа өткізіп үлгермеген. Тәртіп сақшылары дер кезінде анықтап, күдіктіден қолды еткен алқаны тәркілеп алды. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*