Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полиция 3 күнде 2000-нан астам құқық бұзушылықты анықтап, 40-қа жуық қылмысты ашты

Полиция 3 күнде 2000-нан астам құқық бұзушылықты анықтап, 40-қа жуық қылмысты ашты

Түркістан облысының аумағында 3 тәулікте полицейлер 38 қылмысты ашты, оның ішінде есірткі заттарын заңсыз сақтаудың 3 фактісі анықталды. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық есепте тұрған 3876 адамды тексерді.
Профилактикалық іс-шара аясында 2247 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның 156 — сы қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін, 14 — і алкогольді өткізу талаптарын бұзғаны үшін және жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін-290 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Сондай-ақ түнде ата-анасының қарауынсыз үйден тыс жерде болған 189 кәмелетке толмаған анықталды.
Мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 21 жүргізуші, ал қарсы жолаққа шыққаны үшін 18 бұзушы анықталды. Мысалы, Бәйдібек ауданында полиция қызметкерлері «Опель Вектра» көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізгені анықталды. Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік айыппұл тұрағына қамалды.
Естеріңізге сала кетейік, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу жедел жағдайды сауықтыруға, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесуге, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*