Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полиция Түркістан облысында пиротехниканы заңсыз сатудың 60-тан астам фактісін анықтады

Полиция Түркістан облысында пиротехниканы заңсыз сатудың 60-тан астам фактісін анықтады

«Пиротехника» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер өртке қарсы қызметпен бірлесіп сертификатталмаған пиротехникалық өнімді заңсыз әкелуді, өткізуді және пайдалануды анықтау мен оның жолын кесуге бағытталған рейдтерді жүргізеді.
Іс-шара барысында 30-ға жуық рейд жүргізіліп, соның нәтижесінде «тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау»бабы бойынша 62 құқық бұзушылық анықталды. 360 бірліктен астам сертификатталмаған пиротехникалық өнім тәркіленді. Мәселен, Арыс ауданында полицейлер жергілікті дүкендердің бірінде пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату фактісін анықтады. Полиция 30-ға жуық пиротехниканы тәркілеп, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік шара көрілді.
Бұдан басқа тәртіп сақшылары пиротехникалық өнімді пайдалану кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мен азаматтардың онымен қауіпсіз жұмыс істеу ережелерін сақтауы мақсатында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы жаңа жылдық мерекелер кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың пиротехникалық бұйымдардың айналымы мен қолданылуының белгіленген ережелерін сақтауын бақылау мақсатында өткізілуде.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*