Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Түркістан облысында ІІО қызметіне қабылдау үшін «Ашық есік күні» өткізілді

Түркістан облысында ІІО қызметіне қабылдау үшін «Ашық есік күні» өткізілді

ҚР ІІМ тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы полиция департаментінің жанындағы «Азаматтарға арналған қабылдау» кеңсесінде ішкі істер органдарына қызметке кандидаттарды қабылдау үшін «Ашық есік күні» өтті.
Тәрбие және кадр жұмысы басқармасы ұйымдастырған бұл іс-шараға полиция қатарында қызмет етуге ниет білдірген 30-дан астам жас қатысты. Кездесу барысында келушілерге ІІО қызметіне кіру тәртібі, полиция қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктері және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы айтылды.
Сондай-ақ ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына түсу және одан әрі жұмысқа орналасу тәртібі мен шарттары түсіндірілді. Қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына орта білімнен төмен емес білімі бар және мерзімді әскери қызмет өткерген 18 жастан кіші және 35 жастан аспаған ҚР азаматтары, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады. Бұл жағдайда жігіттер үшін бойы кемінде 170 см, қыздар үшін кемінде 160 см болуы керек.
Сонымен қатар іс-шара барысында полицейлер болашақ үміткерлермен жеке әңгімелесулер жүргізіп, олардың сұрақтарына толық жауап берді. Мамандар аталған талаптарға сәйкес келетін кандидаттардың құжаттары ішкі істер министрлігіне жіберілетінін түсіндірді. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*