Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ПОЛИЦИЯ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЕСКЕ САЛАДЫ

ПОЛИЦИЯ ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН ЕСКЕ САЛАДЫ

ҚР ІІМ тапсырмасына сәйкес республика аумағында осы жылдың 11-13 желтоқсан аралығында «Құқықтық тәртіп»жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның мақсаты-жедел жағдайды сауықтыру, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Іс-шара аясында Түркістан облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыстық және республикалық маңызы бар трассаларда қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары жүргізушілерге рульге отырар алдында жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығын назар аудару керектігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
“Облыс тұрғындары мен қонақтары!
Қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті сақтау барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністік танытып, заңға қарама қайшы іс — әрекеттерге жол бермей, ережеге бағынып, заң талаптарын сақтауларыңызды сұранамыз !!»- деп атап өтті Түркістан облысы ПД ЖПҚ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Нұрдәулет Қожабеков.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*