Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » БАЛАЛАР БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ КУӘСІ БОЛДЫ

БАЛАЛАР БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ КУӘСІ БОЛДЫ

Созақ аудандық полиция бөлімінің Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айжан Манапованың ұйымдастыруымен Ы.Алтынсарин атындағы мектепте «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқаны аясында «Бақытты балалық шақ» тақырыбында іс-шара өтті.
Балаларға қатыгездікпен және немқұрайлылық танытып, қараудан бас тартатын отбасыларға ескерту ретінде өтілген бұл шараның мақсаты — баланың жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан жақсы көру.
Шара барысында оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, өз отбасындағы игі дәстүрлер мен қағидаларға тоқталып өтті.Әрбір бала тәтті балалық бал шақтарының керемет қызықты тұстарымен бөлісіп, диалогқа түсе білді.
Сынып жетекшісі Дүйсембекова Нұргүл отбасындағы бала тәрбиесінің ықпалы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара ұйытқысы Айжан Манапова балалар арасында «Сен маған, мен саған»атты әдіспен кері байланыс жүргізіп, сұрақ-жауаппен қорытынды сөзді түйіндеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*