Қазіргі таңда жастар арасында белең алған есірткілердің синтетикалық жаңа түрлері бәрімізді қатты алаңдатуда.
Бүкіл әлемнің дертіне айналған есірткімен күрес, есірткінің таралуын болдырмау және нашақорлар санын азайту баршамыздың мақсатымыз.
Есірткінің зияны және олардың салдары туралы біліп, оны түсіну есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға көмектеседі. Осы орайда Түркістан қаласы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ — түрік университетінің №2 ерлер жатақханасында студенттер арасында синтетикалық есірткінің адам өміріне төндіретін қауіпі мен оны тасымалдаудағы жауапкершілігін түсіндіру және алдын алу мақсатында профилактикалық іс — шара өтті.
368 студент жасты қамтыған бұл шарада «Есірткі қылмысының алдын алу – бұл білім беру мекемелерінің, ата-аналардың, қоғамдық ұйымдардың және жастардың бірігуін қажет ететін ортақ міндет. Біз бірлесіп қана есірткісіз сау қоғам құра аламыз, – деді Түркістан облысы Полиция департаменті аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Марат Бимаханов.
Сондықтан облысымыздың полиция қызметкерлері күнделікті есірткі қылмыстарымен оның ішінде синтетикалық есірткілердің айналымымен күрес жұмыстарын күшейтіп, кинология қызметкерлерімен бірге біршама рейдтік іс — шаралар жүргізуде.
«Нашақорлық» – елді елең еткізетін, қоғам үшін қауіпті де қасіретті ұғым. Тағдырдың тәлкегіне түсіп, нашақорлықтың құрбандары болып жүрген жандар қаншама. Бұл жас ұрпақ үшін аса қауіпті дерт, талай пенденің өмірін кері бағытқа бұрып, өзегін өксітетіні анық.
Есірткі – ессіздің ермегі. Жалғанның кермек дәмін татамын деп, алдамшы, бір күндік ләззатқа батамын деп құрдымға кеткендерді құтқару кеш болары хақ.
Қазіргі заманда есірткіге үйір болып, соның жолына түсіп, тығырыққа тіреліп жатқан қаншама жасөспірім бар. Оның себебі неде? Біріншіден, ақша табу мақсатында есірткі сатып күнелткендердің құрығына түседі. Екіншіден, бауырына еніп, жылы сөйлейтін ниеті жаман адамдарға бауыр басып, дегеніне көне береді. Егер оған тәуелді болса, өмірі бақытсыздыққа, қайғы-қасіретке айналады және ол аурудан құтылмайтындай кесапат әкеледі. Сөйтіп, ол өмірінің бақытты сәттерінен, қуанышты, ғажап күндерінен айырылады, болашағына балта шабады.
Біз, жас буын – тәуелсіз елдің тірегіміз! Біз, жас толқын – ата-ана, ұстаздарымыз бен жақындарымыздың үмітін арқалаған келешектің иесіміз! Міне, сондықтан өзімнің замандастарымды зиянды әдеттерден тыйылуға, өмірге жарқын көзқараспен қарап, білім мен ғылым жолында ізденуге, салауатты өмір салтын ұстануға, әрнәрсеге еліктемей, өзіндік ой түйіп жүруге шақырамын! Әрбір адам бақытты, табысты, ғажайып өмір сүргісі келсе, есірткі қабылдамай, оның сан соқтырар зардабын өзінен кейінгі бауырларына да түсіндіріп жүргенін қалар едім. Есірткісіз өмір – ғажайып! Мен әрқашан есірткісіз өмірді насихаттаймын!
Есірткі дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабын кім де болса біледі. “Есірткінің адам денсаулығына қандай кесірі бар?” деген сұрақтың да жауабын әрбір адам біледі.
Алайда біле тұра, сол есірткіні пайдалана береді, өзіне шектеу қоя алмайды. Бұл дегеніміз адам баласы өз денсаулығына өзі кесірін тигізіп отырғаны, өзін-өзі еш бағаламай, өзін адам кұрлы көрмеуі,содан есірткінің айдауымен өмір сүріп келеді. Мына бес күндік өмірде еш есірткісіз, салауатты өмір салтын ұстанып, болашаққа ұмтылып, жарқын өмір неге сүрмеске?
Есірткінің түрлері мыналар:
1.Токсиномия, 2. Марихуана, 3. Героин, 4. Какоин, 5. Экстози.
Есірткі-ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында-оның көмегімен қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы, әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын өзі ғана қарастыруы керек. Дені сау адам еңбекке әрқашан құлшыныспен кіріседі. Ұлтымыздың болашағына қауіп төндіріп отырған наша, арақ, темекінің келтірер зияны ұшан теңіз.
Есірткі адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратып, есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жеткізеді. Осылардың барлығын біз өте жақсы білеміз. Себебі теледидардан, ғаламторлардан көптеген ақпараттар берілуде. Неге біз осы ақпараттарды санамызға ұғып, бойымызды есірткіден аулақ ұстамасқа? Қазіргі таңда тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Елімізде жұмыс көзі көп, тек қана еңбек ету керек. Бойымызды, ойымызды жаман әдеттерден аулақ ұстап, кітап оқып, өнерге ұмтылып, санамызды пайдалы әрекеттерге бұрсақ, біздің еліміздің болашағы күндей ыстық, судай мөлдір, сүттей аппақ болары сөзсіз ғой. Мектеп қабырғасында жүріп, ұстаздарымыздың есірткіге қарсы ұйымдастырған іс-шаралары бойымызға тәрбие мен өнеге болып дарыды.
Барша өскелең ұрпақты салауатты өмір сүруге, есірткіге қарсы тұруға, сауатты да саналы болуға, ата-бабамыздың бойымызға дарытқан тәрбиесін мәңгілік қалдыруға шақырамын.
Біз біргеміз! Бір-бірімізге жанашыр болайық!