Полиция қызметкерлері күн сайын қоғамдық ұйымдар тәртіпті қорғап, қылмыстың бетін ашады, қиын жағдайда қалған адамдарға көмекке келеді. Соған қарамастан, қатарымызда түрлі іс-шараларға қатысып жүрген шығармашылық қызметкерлер де аз емес.
Осы орайда Түркістандық полицейлер ҚР ІІМ нің ұйымдастыруымен өткен «Міндет. Абырой. Ерлік» атты республикалық көркемөнерпаздар байқауына қатысып қайтты.
Сайыста Түркістан облысының атынан шыққан Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы Есенгелді Шалабаев, Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы Герат Шайханов, полиция подполковнигі Ақтолқын Кубегенова, полиция капитаны Нұрлыбек Асанханов, полиция майоры Руслан Устемиров, полиция лейтенанты Дәуренбек Бердібай есімді азаматтарымыз намысты қолдан бермей, «Командалық жұмыс» номинациясы бойынша маратпатқа ие болды. Сонымен қатар Ақтолқын Серікқызы «Белсенді қатысқаны» үшін ҚР ІІМ-нің Дипломымен марапатталды.
Әріптестеріміздің қуанышына ортақтасып, әрқашан жеңіс тұғырынан көріне берсін деген тілек білдіреміз!