Шымкенттегі халықаралық Silkwey университетінде «Шешен кісі сөз бастар, әділ кісі ел бастар» тақырыбында интелектуалды ойын өтті. Байқауға қаламыздағы іргелі сегіз жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Шәкірттер аталмыш білім орын президентінің кубогын сарапқа салды. Бұл туралы «Оңтүстік» телеарнасына сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Интелектуалды ойын екі кезеңнен өтті. Әр оқу орынынан тек екі студент қатысып, білім ордасының намысын қорғады. Бірінші турда шәкірттер университет қабырғасында берген негізгі сұрақтардан сыналды. Ұйымдастырушылар сайысқа қатысушылар әр түрлі сала бойынша білім алатындықтан, негізгі мамандыққа қатысты сұрақты араластырмадық, дейді.
Студенттер бірінші кезеңде сұрақтарға жазбаша түрде жауап берді. Қазылар шешімімен студенттер арасынан үздік сегіздік анықталып, келесі турға өтеді. Бұл кезде олар пікірталастырып, білімдерін сынады.
Интелектуалды ойын түрлері бұған дейін де ұйымдастырылған. Басты мақсат жеңіс емес, оқу орындар арасындағы достық байланысты нығайту, дейді қызметкерлер. Алдағы уақытта да жалғасын таппақ.