Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Түркістан облысында учаскелік полицейлер қыз баланы құтқарып қалды

Түркістан облысында учаскелік полицейлер қыз баланы құтқарып қалды

Қазығұрт ауданында полиция қызметкерлерінің жылдам әрекеті мен кәсібилігінің арқасында өз-өзіне қол жұмсаған қыз құтқарылды. 18:45 шамасында «Газалкент» каналына белгісіз адамның секіргені туралы хабар алған. Учаскелік полиция инспекторлары Сабит Алимбаев, Жалғасбек Ағабеков және Әбдіәкім Әбдірахым оқиға орнына небары 3 минутта жетті.
Қызға көмектесу үшін суға түскен тұрғынды шығарып алғаннан кейін полицейлер қызды да қауіпсіз аймаққа алып шықты. Алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдемді күтпей, қызметтік көлікпен ауруханаға жеткізді.
Дәрігерлердің айтуынша, дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында оның жағдайы тұрақты Қазіргі таңда жас қыздың денсаулығы бірқалыпты.
Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен шұғыл әрекетінің маңызды екенін кезекті рет дәлелдеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*