Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Түркістан облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы мен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының ұйымдастыруымен «Ашық есік» күні өтті.
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Жанар Қалабаева мен орталық басшысы Ербол Мырзабайұлының қатысуымен өткен «Ашық есік» күнінде өмірдің қиын жағдайына душар болған әйелдерге құқықтық және психологиялық көмектер көрсетілді.
Іс-шара барысында 12 әйелге құқықтық және психологиялық көмек көрсетілсе, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған көп балалы 2 ана дағдарыс орталығына орналастырылды.
Егер де сіз қандай да бір зорлық -зомбылықтың құрбаны болып,не болмаса куәгері болған жағдайда, тез арада «102» не болмаса «111» сенім телефоны нөміріне хабарласып, көмек алуға болатындығын назарларыңызға саламыз!

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*