Әйел — бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербететін асыл адам. Қоғамда әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мен жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының оның ішінде әйел-ананың рөлін нығайту, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған шаралар Мақтаарал ауданында жалғасын тапты.
Осы орайда аудандағы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Мұртаза Шыңғысхан әйелдерге гүл шоқтары мен жүрекке жылу сыйлайтын нақыл сөздері жазылған парақшаларды таратты.
Осы арқылы ол ару аналарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, әлемге шуақ шашқан әйел аналарды зорлық-зомбылықтан қорғауға шақырды.