Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полиция 100-ден астам қыз-келіншекке құқықтық, психологиялық кеңес берді

Полиция 100-ден астам қыз-келіншекке құқықтық, психологиялық кеңес берді

«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн белсенділік!» акциясы барысында Леңгір қаласында «Отбасындағы бейбітшілік – қоғамдағы бейбітшілік!» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға полицейлер, медицина қызметкерлері, әкімдіктің тиісті сала мамандары, зейнеткерлер, Әжелер алқасының мүшелері және жастар қатысты.
Жиында спикерлер әйелдердің конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеу мәселелерін көтеріп, осы бағытта жұмыла жұмыс жасауға уағдаласты. Оған қоса отбасы құндылықтарын дәріптеу, жастарға үлгі-өнеге көрсету, тәрбиелік мәні бар іс-шараларды жиі ұйымдастыру керектігі айтылды.
Сондай-ақ психолог мамандар түрлі тренингтер өткізіп, жиналғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Төлеби ауданы атынан республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан ақ жаулықты анамыз сөз алып, әрбір отбасының берекесі үйлесімділікте екенін жеткізді. Отбасы тыныштығын сақтаудағы өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
Айта кетсек, аудан көлемінде жыл басынан бері 100-ден астам қыз-келіншекке құқықтық және психологиялық көмек көрсетілген. Полицейлермен профилактикалық 58 кездесу өткізілген.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*