Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 800-ден астам жайтын анықтады

Полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзудың 800-ден астам жайтын анықтады

Түркістан облысының полициясы 4 тәулікте 817 құқық бұзушылықты анықтап, 29 көлікті айыптұраққа қойды. Оның ішінде, 122-сі жүргізуші жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамаған, 52 –сі автокөлікті басқару кезінде телефон пайдаланған, 20-сы заңсыз қайта жабдықтаған, 61-і техникалық регламенттерге жауап бермейтін автокөлікті басқарған және техникалық байқаудан өтпегені үшін — 33 жүргізуші жауапқа тартылды.
Сондай-ақ белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін 58 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 49 жүргізушіге шара көрілді. 25 жүргізушіде міндетті сақтандыру шарттары жоқ болса, 22 құқық бұзушы тиісті құжаттарсыз көлік жүргізгені үшін жауапқа тартылды.
Жол жамылғысын бүлдіргені немесе ластағаны үшін 14 автокөлік жүргізушісіне хаттама толтырылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы қоғамдық орындар мен көшелердегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге, жол жүрісінің тиісті тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*