Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » 11 АЗАМАТ ЗОРЛЫҚ- ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК АЛДЫ

11 АЗАМАТ ЗОРЛЫҚ- ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК АЛДЫ

Түркістан облысы Сауран ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен білім беру мекемелерінің оқушылары мен студенттері арасында кездесу өткізілді. Түркістан облысы полиция департаменті Жергілікті полиция басқармасының бастығы Ермек Усербаевтың бастамасымен өткізілген бұл шараның мақсаты- отбасылық жанжал мен зорлық-зомбылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, болып табылады.
Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдар, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Данияр Түймебаев, полиция подполковнигі Алихан Алентаев, аудандық емхана психологі Айнұр Мұсабекова және Аналар кеңесінің төрайымы Нышанкүл Жұманова мен аудан жастары, тұрғындар қатысты.
Сауран аудан бойынша зорлық – зомбылыққа ұшыраған 75 адам есепте тұратын болса. Бұл шарада соның 11-не құқықтық көмек көрсетілді. Алдағы уақытта да бұл шаралар жалғасын табатын болады деді сөз соңында полиция аға лейтенанты Құндыз Қалданова.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*