Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Арыста «Әйелдер мәселесі басты назарда» тақырыбында дәріс өткізілді

Арыста «Әйелдер мәселесі басты назарда» тақырыбында дәріс өткізілді

Түркістан облысының білім басқармасының «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «С.Адамбеков атындағы  жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 5 қараша күні «Зорлық — зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны аясында жоғары сынып оқушыларымен арнайы мамандар кездесу ұйымдастырды.
Кездесу мақсаты — әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының оның ішінде әйел-ананың рөлін нығайтуға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған, мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы халыққа кеңінен таныстыру болып табылады.
Жиынға ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған  «Әжелер» алқасының мүшесі Фарида Куатбекова әжеміз, Арыс ауданы бойынша  әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы Айжан Мырзахметова, Арыс аудандық орталық ауруханасының акушер-гинекологы Гүлжан  Сурымбаева,  Білім  бөлімінен педагог психолог Балжан Момункулова, Сервистік полиция  психологі   Перизат Имашевa қатысты.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Заң, шын мәнінде, мемлекеттің теңдік пен заң үстемдігі қағидаттарына басымдық беретінін, құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыратынын көрсетеді.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң мыңдаған әйелді абъюзивті қарым-қатынастан шығуға итермелейді, оларға құқықтық қауіпсіздік пен қашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әйелдерге өмір сүруге және озбырлықтан арылуға көмектеседі.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсеткені үшін жазалау шараларын күшейтеді.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*