Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » «Булингке жол жоқ» тақырыбында дәріс өткізілді

«Булингке жол жоқ» тақырыбында дәріс өткізілді

Түркістан облысының білім басқармасының «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2024 жылдың 4 қараша күні «Зорлық — зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны аясында жоғары сынып оқушыларымен арнайы мамандар кездесу ұйымдастырды.
Акцияның мақсаты — әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының оның ішінде әйел-ананың рөлін нығайтуға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған, мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы халыққа кеңінен таныстыру болып табылады.
Жиынға ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған  Әкелер мектебінің төрағасы Иман Қалиев атамыз , «Әжелер» алқасының мүшесі Фарида Куатбекова әжеміз, Арыс ауданы бойынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы Айжан Мырзахметова, Арыс аудандық орталық ауруханасының акушер-гинекологы Гүлжан  Сурымбаева, Білім бөлімінен әдіскер Ақжарқын    Кенжебаева, Сервистік полиция психологі Перизат    Имашева қатысты.
Қазіргі қоғамның басты міндетінің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі, балалар арасындағы зорлық-зомбылық мәселесі туралы сөз қозғалып, талқыланды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*