Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін, халықтың сенімін жоғалтатын ауыр дерт. Бұл құбылыс тек заңға қайшы әрекет қана емес, сонымен қатар адамгершілікке жат қылық. Ол мемлекеттің болашағына, экономикалық дамуына және азаматтардың өмір сүру сапасына кері әсер етеді.
Түркістан қаласы әкімдігінің «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің» «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қатысты дөңгелек үстел болып өтті. Орталықтың қазақ тілі маманы Баймаханова Айжан тақырып бойынша ізденіп, түрлі дереккөздерден қызықты мәліметтермен бөлісіп, жағдаяттық тест арқылы қызметкердің басынан өткен оқиғаларын талқылады. Орталықтың директор орынбасары Такибаева Жанерке сыбайлас жемқорлық жайлы өз ойымен, құнды пікірімен бөлісті. Ағылшын тілі маманы Ерходжаева Маржан сыбайлас жемқорлықпен күресудегі әлемдік елдердің тәжірибесін талқылады. Ортада жалпы жемқорлықтың ел дамуына кері әсері жайлы пікірлер айтылып, жан-жақты пікірлермен бөлісті. Қазақ тілі маманы Жұмабаева Айгерім тақырып жайлы өлең оқыды. Танымдық, рухани бағытта өте пайдалы басқосу қызметкерлер үшін дөңгелек үстелдің құндылығы жоғары болды.
Әрбір азамат сыбайлас жемқорлықпен күреске өз үлесін қосуы керек. Тек қана адалдық, ашықтық және әділдік арқылы біз қоғамымызды бұл кеселден айықтыра аламыз. Қоғамдағы әрбір өзгеріс біздің санамыздан басталады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!