«Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» науқаны аясында Арыс ауданды полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция майоры Айжан Мырзахметованың ұйымдастыруымен әскери бөлімде «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы шеңберіндегі семинар өткізілді.
120 әскери қызметшіні қамтыған бұл жиынға әскери бөлім басшылық құрамы мен «Отбасын қорғау орталығы жәнек элеуметтік психологиялық суйемелдеу қызметі» секторының психологы Клара Толебаева, әскери полиция бөлімшесінің бастығы Азамат Жарымбетов, емхана психологы Гулвира Маметова қатысты.
Өз кезегінде шараға қатысушы мамандар «Отбасы адам баласының алтын дінгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы- адамзаттың аса қажетті, әрі касиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ыкпалы мен әсер күшін өмірдегі баска ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындығын жеткізді.