Арыс ауданы аумағында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп, борышкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 893 бабына сәйкес, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.Төленбеген жағдайда осы Кодекстің 894 бабына сәйкес, айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлі түрде орындату мақсатында сот орындаушыларына жолданады.
Борышкерлердің бережақтарын айлық ақшаларынан өндіріп алу туралы қаулыны олардың жұмыс орындарына орындау үшін жолдайтын болады. Осы тұрғыда айыппұлды заңда қарастырылған 50 % жеңілдікпен жеті тәулікте төлеуге немесе бір ай мерзімінен кешіктермей төлеулеріңізді сұраймыз.
Аудан тұрғындарының назарына! Айыппұлдарыңыз бойынша қосымша мәліметтер жөнінде Арыс АПБ ӘПБ-нен біле алатындарыңызды хабарлаймыз.