Түркістан облысы, Арыс қаласы «С. Адамбеков атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «ЗОРЛЫҚ -ЗОМБЫЛЫҚТЫ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ» тақырыбында ата–аналарға жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен әлімжеттіктің, зорлық-зомбылықтың, лудоманияның алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Арыс АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ инспекторы А. Мырзахметова, «Жастар ресурстық орталығы» психологы А.Үсен, мектеп психологтары және ата-аналар қатысты.
Іс-шараның мақсаты: ата-аналар жиналысын өткізудің, ата-аналармен жұмыстың жаңа формаларын тәжірибеде қолдану, балалар мен ата-аналардың өзара түсіністігін нығайтуға ықпал ету, тәрбие жұмысы, педагогика, психология тұрғысынан ата-аналардың ой-өрісін дамыту.
Жиналыс барысында ата-аналарға бала өміріне қауіпті жағдаяттарды, жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері таныстырылды. «Құқық бұзушылық» терминіне түсініктеме беріліп, оның түрлері мен зардаптары жайлы айтылды. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ата-аналарға кеңестер берілді.