Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » ‘Е-ЗАҢ КӨМЕГІ’ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

‘Е-ЗАҢ КӨМЕГІ’ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облысының Әділет департаментінің және Түркістан облыстық Адвокаттар алқасының ұйымдастыруымен адвокаттар алқасының ғимаратында мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу мәселесі, заң көмегін көрсететін адвокаттарды тарту және сот және тергеу тарапынан жолданған сұрау салуына адвокат дер кезінде қабылдау жөнінде семинар өткізілді.
Семинарға Түркістан облысының ҚР БП ҚСжАЕАЖК-нің департаментінің, Түркістан облыстық сотының, Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілдері және де Түркістан облысы адвокаттар алқасының адвокаттары қатысты.
Іс-шарада «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесінің функционалдары арқылы сотқа дейінгі сатыда электрондық қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу кезінде мемлекет кепілдік берген заң көмегі шеңберінде адвокатты тағайындау барысында туындайтын кемшіліктерді жою және оларды шешу жолдары талқыланды.
Сондай-ақ, «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесінде тағайындау туралы сұраныстар журналы бөлігіне енгізілген өзгеріс «Төрелік» АЖ талқыланды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*