Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » КЕНТАУ: ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

КЕНТАУ: ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫНА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Нуржан Махамбетовтың “Заң мен тәртіп” қағидаттарын ілгерілету мақсатында Кентау қаласында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті.
Азаматтарды қабылдау барысында 35-ке жуық тұрғынның Әділет органдарының қызметіне қатысты айтылған проблемалық мәселелерлері тыңдалып, оны шешу бойынша кеңестер берілді. Нуржан Алиханович азаматтарды толғандырған сұрақтарға тиісті жауаптар беріп, алимент өндіру, банктік шотты бұғаттан шешу тәртібі, сот орындаушылардың қызметіне қатысты мәселелердің Заң аясында шешілу жолдарын қарастырды.
Сондай ақ адвокаттар, нотариустар, заң кеңесшілері мен ерікті заңгерлер мемлекет кепілдік берген заң көмегі, құқықтық кеңес алу орталықтары бойынша тұрғындарға жадынама парақтарын таратты.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*