Ордабасы ауданында мал ұрлығын ескерту, алдын-алу және ашу, оларды жасаумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында «Мал ұрысы» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шара аясында криминалды полиция және учаскелік полицейлер мен ветеринар мамандар тұрғындарға мал ұрлығының алдын алу бойынша әңгімелесу жұмыстары, сондай-ақ мал ұрлығын жасайтын адамдар мен қылмыстық топтар туралы ақпаратты жинау, малды сою және ет өнімдерін сату орындарын, сондай-ақ даярлаушыларды, қайтып сатып алушыларды және сатушыларды анықтау мақсатында, аудан аумағында ет қабылдау станциялары, мал базарлар мен мал сою алаңдары, ет сататын дүкендер, сауда орындары, базарларға локальды тексеру жұмыстарын жүргізеді.
Сонымен қатар, күнделікті республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тартылған жол-патрульік полиция қызметкерлерімен құжаттарсыз (ветеринариялық паспорттарсыз, ветеринариялық анықтамаларсыз, ветеринариялық сертификаттарсыз және т.б.) малды және ет өнімдерін тасымалдау фактілері тексеріледі.
Жүргізілген талдауға сүйенсек, мал ұрлығын жасауға бірқатар себептердің ықпал ететіні анықталды:
— біріншіден, бұл малдың өз басымен жайылуы, меншік иелерінің өрістегі малдың сақталуына немқұрайлы қарауы. Малшылармен келісім — шарттық қатынастардың болмауы «еркін жайылу» практикасын қалыптастырады және малдың кедергісіз ұрлануына немесе жоғалуына ықпал етеді. Проблемаларды зерделеу ұрлықтың 65%-ның малдың қараусыз жайылатын жерлерден кешкі уақытта ұрланатынын көрсетті.
— екіншіден, малды ұстау орындары көп жағдайда жабу құралдарымен жабдықталмаған, бұл қылмыскерлерге мал қорасына кедергісіз енуіне мүмкіндік береді.
— үшіншіден, бұл мал иелерінің оларды таңбалау мен сырғалау уақтылы жүргізілмегендіктен, ұрланған малды тануға қиындық туғызады.
Мал ұрлығынан қалай сақтануға болады?
65% мал ұрлығы кешкі уақыттарда еркін жайылымдарда ұрланады, сонымен қатар, мал иелеріне өз шаруашылықтарын қоршалған қоралармен жабдықтау қажет.
Малдарға міндетті түрде таңба салу қажет, бұл ұрланған малды іздеу бойынша жұмысты жеңілдетеді. Мал жоғалған жағдайда жауапкершілік туралы бақташылармен келісім жасасу.
Шаруа қожалығы иелерінің үйірдің жетекшілеріне GPS сигнализаторларын алуы құпталады, ол еркін жайылымда жүрген табынның тұрған жерін анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, полицейлер жиынға жиналғандармен мал ұрлығының орын алуының және мал ұрлығы қылмысының жедел ашылмауының бірнеше себептеріне тоқталды. Мәселен, мал иелерінің өз малдарына жауапкершілікпен қарамауы, оның ішінде бос немесе алыс жайылымдық жерлерде қараусыз қалдыру, ақыға жалдамалы қызметкер немесе бақташы жалдауды іске асырмау, мал жоғалғаннан немесе ұрланғаннан кейін құқық қорғау органдарына дер кезінде хабар бермеуі. Өз кезегінде маңызды мәселелерді кеңінен талқылаған полицейлер мал ұрлығы бола қалса, полицияға бірден хабар берудің орнына өздігінен іздеп уақыт жоғалтуының салдарынан ұрлық қылмыстары уақытылы ашылмайды. Сондықтан табыс көзі болып отырған төрт түліктеріңіздің жоғалмауы үшін оның алдын алған маңызды. Ал, жоғалған сәтте бірден құқық қорғау органы қызметкерлеріне хабар беріңіз.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары