Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » Ана мен баланы қорғауға айрықша мән берілуі тиіс

Ана мен баланы қорғауға айрықша мән берілуі тиіс

Түркістан қаласындағы отбасылық дәстүрлер мен халқымыздың бала тәрбиесіндегі асыл мұраларын кезеңнен насихаттау жас ұрпақтың жаңа болмысын қалыптастыру болып табылады. Сол үшінде қаламыздың әрбір тұрғыны ана мен бала құқығына назар аудару керек. Түркістан қаласында көп балалы аналар көп. Бала көп жерде береке бар. Ана мен бала құқығын қорғау – Қазақстан үшін қашанда аса маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Себебі, мемлекеттің ең басты қазынасы – адам екендігі Қонституцияда анық жазылған.

Айта кетейік, мемлекет тарапынан бала құқығын қорғауға да айрықша мән беріліп отыр. Ол туралы Елбасы осы уақытқа дейінгі  жолдауларында «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі. Сондықтан олардың құқығы қорғаулы тиіс. Мен Елбасы ретінде әрбір сәбидің құқығының қорғалуын талап етемін. Біздің жерімізде туылған әр сәби-қазақстандық. Және ол сәбиді мемлекет қамқорлығына алуға тиіс» деп атап өткен  болатын.

Жалпы  елімізде Ана мен баланың құқығын қорғайтын орталықтар мен мекемелер көп. Алғаш рет осыдан 14 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жанынан балалар құқығын қорғау жөніндегі Комитет құрылған болатын. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы кризистік орталықтар одағы» деп аталатын мекеме бар. Аталған мекеменің республиканың 11 өңірінде 18 ұйымы жұмыс істейді. Аталған одақтың міндеті – ана мен баланың құқығын қорғау. Яғни, ол жерде 150 номері арқылы балаларға көмек көрсетілсе, 1415 номері арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерге қолдау білдіріледі. Сонымен қатар, адам саудасы қылмысының алдын алу үшін 11616 номеріндегі сенім телефондары жұмыс істейді.  Осыдан он екі жыл бұрын республиканың барлық өңірінде балалар құқығын қорғайтын және оларға заңдық, психологиялық, ақпараттық тұрғыдан көмек көрсетіп, қолдау білдіретін Департамент құрылған болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы бала құқықтары жөніндегі тағайындалған уәкіл де ана мен баланың құқығын қорғауға атсалысып, оларға қызмет көрсетуге даяр. Отанымыздың ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұр­пақтың тәлімді де тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның па­ры­зы мен қарызы десек, еш қа­те­леспейміз. Ана денсаулығы – ұлт саулығы. Қоғам дамуында ана мен бала өмірі үлкен жауапкершілікті талап ететіні түсінікті жайт. Бүгінде ана мен бала денсаулығы  өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Ана мен баланы қорғау кез келген мемлекеттің ішкі саясатының басым бағыты ретінде қарастырылады. Сонымен қоса ана мен баланы қорғау – мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының да өзекті саласы. Мемлекеттік саясаттың осы бағытының мән-маңызы және осы мәселеге халықаралық қауымдастықтың ерекше назары халықтың репродуктивті деңгейі, мемлекеттің еңбек, зияткерлік әлеуеті, жас ұрпақтың физикалық, рухани және адамгершілік дамуы, әйелдер мен балалардың денсаулығы, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.

Ана мен баланы қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігі құқықтық база мен іске асыру механизмдеріне келіп тіреледі. Бүгінгі таңда осы саланы тиімді реттеуге мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық база қалыптасқан. Тарихқа шегініс жасайтын болсақ, ана мен баланы қорғау саласындағы құқықтық база БҰҰ құрылғанға дейін де қалыптаса бастады. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуымен бұл мәселеге айтарлықтай кең, жаһандық мән берілді. 1948 жылғы қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында «Ана мен бала ерекше қамқорлық пен көмек алуға құқылы» делінген. Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас конференциясы 1952 жылы ананы қорғау туралы Конвенцияны қабылдады. Ал 1959 жылы Бала құқықтары жөніндегі арнайы декларация қабылданды.

Ана мен бала құқығын қорғау – Қазақстан үшін қашанда аса маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Себебі, мемлекеттің ең басты қазынасы – адам екендігі Қонституцияда анық жазылған.  Сонымен қатар,  бұл тұрғыда  мемлекет басшыларының жыл сайынғы Халыққа арнаған жолдауларында ана мен бала мәселесі назардан тыс қалған емес. Мәселен,  «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»  атты Жолдауда: – Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Олар банк карточкаларына ие болуға, көлік жүргізіп, қызмет жолын қалыптастыра алуға, заманға сай болуға, сәнденуге тиіс және біздерде ешқашан киілмеген, салтымызға жат киімдерге оранып-қымтанбауға тиіс. Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар.

Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мән беріп айтады. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның тең құқылы мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы болды. Біз әйел затына – анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз,- деп атап көрсеткен.

Ал, келесі жолдауда «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі. Сондықтан олардың құқығы қорғалуы тиіс. Біздің жерімізде туылған әр сәби-қазақстандық. Және ол сәбиді мемлекет қамқорлығына алуға тиіс» деп аталған болатын.

Елімізде әлеуметтік көмекті қажет ететін ең өзекті әрі көкейтесті мәселелердің бірі ана мен баланы әлеуметтік тұрғыдан қорғау және денсаулықтарын жақсарту. Сондай-ақ ана мен бала өмірі әлем дамуының ең

күрделі мәселесіне айналып отырғаны белгілі. Осы жағдайлардың алдын алмаудың салдарынан аналар мен балалар өлімі артып, өмір сүру ұзақтығы азайып, қатерлі инфекциялық түрлі ауруларға шалдығып,қоғамда жетім, мүгедек балалардың етек алғаны белгілі.

Қазақстандағы әйелдерді кемсітудің кез-келген түрін жоюға бағытталған конвенцияны қабылдады. Бұл елдегі гендерлік теңдіктің сақталу заңдылықтарына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Тұрмысы төмен әйелдерге көмек көрсету жұмысына жалпы ұлттық «әйелдер кедейшілікке қарсы» акциясы ұйымдастырылды, акция барысында көмекке  аса зәру отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Әйелдер денсаулығын жақсарту мақсатында облыстар мен қалаларда Біріккен Ұлттар Ұйымының халық саны қорының репродуктивті денсаулығын  сақтауға бағытталған жобасы жүзеге асырылды. Ана мен бала өлім-жітімінің Қазақстандағы ең жоғары байқалғандығынан Қазақстанда зәбір көрушілерге арналған дағдарыс орталықтары жүйесі жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы бойынша әйелдерге заңды-психологиялық тұрғыда көмек беретін 20-дан астам дағдарыс орталығы бар. Бұл дағдарыс орталығында стационар жағдайында әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға, оның ішінде тұрмыстық зорлық – зомбылыққа әкеп соқтырған қатыгездікке ұшыраған әйелдерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі ғаламдық сипатта және батыстың дамыған елдерінде ерекше әлеуметтік мәселе болып табылады, онда азаматтардың қоғамдық құқықтық нормалары әлеуметтік орталықтардың бақылауында. Қазақстанда жағдай өзгеше: адамдар көп жағдайда отбасындағы қақтығыстарды дәстүрлі түрде, атап айтқанда, гендерлік стереотиптерімен шешеді. Сонымен қатар, қазіргі кездегі халықтың әсіресе экономикалық деңгейі төмен сатыдағы отбасы мүшелеріне өздеріне деген сенімсіздік, қорқыныш сезімін тудырады, қарым-қатынаста жанжал туындатып, нәтижесінде маскүнемдік пен есірткіге салынып, әйел адамдар ер азамат тарапынан отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырап жатады.

Қорыта келгенде бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен нәзік жандарды қадірлеуді, отбасындағы зорлық – зомбылықтың алдын-алу үшін қыз баланы сыйлау, құрметтеу мақсатында гендерлік тәрбие бағдарламаларын мектептерге ендіру қажет. Ал дағдарыс орталықтарындағы әйелдердің өзіндік «Мен»-ін жоғарлату, оларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету және БАҚ арқылы орталықтардың бар екендігін насихаттау бүгінгі қоғамның кезек күттірмейтін мәселелері. Ана мен бала жағдайын жақсарту проблемаларының ішінде бұл жұмыстың деңгейі әсіресе әйелдердің өздерінің ұйымдастыруы арқылы жақсы нәтиже береді.

Әлеуметтік қолдау мен қорғауды  қажет ететін және қазіргі таңда көкейтесті  ең өзекті мәселелердің бірі- ана мен бала , олардың денсаулығы.Сондықтан елімізде ана мен балаға ерекше көңіл аударылуда. Аналар мен балаларға арналған көптеген емдеу орындарын, демалыс орындарын, зерттеу орталықтарын да тегін емделуге жағдайлар жасалуы қажет.

Ана мен баланың денсаулығын сақтау саласындағы жұмыстар негізінен мына бағыттарда жүргізіліп келеді:Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердің денсаулығын сақтау ұлттық саясат деңгейінде жоспарлы түрде жүзеге асыру; Ана өмірінің қауіпсіздігін сақтауды, жобасын жоспарлауды, жаңа туған нәрестені бір жастан асқанша ана сүтімен қоректендіру алдын-ала жасалған бағдарламаға сәйкес жүзеге асыру.

Сонымен қатар, тағы бір мәселе- нәрестелердің перинаталды өлімі мен олардың аналарының босануы салдарынан өлімге жиі ұшырау болып отыр. Оның негізгі себебі, ең алдымен әйелдердің денсаулығының нашарлығына , әр түрлі аурулармен жиі ауыратындығына , жұқпалы кеселдерді жиі жұқтырып алатын әлсіздіктеріне байланысты болса, содан кейінгі себебі ауыл жұртының әлеуметтік тұрмыс жағдайының күрт нашарлап, ішерге тамақ, киерге киім таппай кедейленіп кетуі, көпшілік отбасы мүшелерінің жұмыссыз қалуы, бірсыпыра еркектер, тіпті әйелдердің де ішімдікке салынуы, нашақорлыққа бас ұрулары да басты себеп.Сондай-ақ экологиялық зиянды факторлардың да ана мен бала организміне тигізіп отырған зардабында шек жоқ.

Ана мен бала денсаулығын қорғау біздің мемлекетіміздің , денсаулық сақтау органдарының , жұртшылықтың тікелей назарында болуға тиіс. Яғни, ана мен баланы әлеуметтік тұрғыдан қорғауда олардың денсаулығына айрықша көңіл бөлуіміз керек. Себебі, дүниеге сау ұрпақ алып келу үшін ананың  денсаулығы мықты болуы шарт. Ананың бойындағы барлық дерттер тобы ана құрсағындағы нәрестеге берілетіні белгілі. Сондықтан ана өз бойындағы науқас белгілерін сезсе дәрігерге қаралуы қажет.

Бұл ана мен бала өмірі үшін аса қажет жағдай. Бұл ретте мемлекет, үкімет тарапынан жасалып жатқан ізгі істер баршылық. Өйткені ана мен бала- мемлекет пен халықтың баға жетпе байлығы, болашағы. Ана мен баланы әлеуметтік тұрғыдан және жеке құқықтарын қорғай отырып, біз өз болашағымызды, ертеңімізді қорғаймыз.

Елімізде бірнеше жылдың ішінде қарқынды қадамдар жасалып, елеулі оқиғалар болып жатыр. Болашақта халқымыздың саны азаймай, көбейсе деген тілектеміз. Қазақстанда да тууды көбейту үшін арнайы бағдарламалар қабылданса артық болмасы анық. Әйелдер ертең жұмыссыз қаламын, болмаса бірнеше жыл баламен отырғандықтан, отбасындағы әлеуметтік ахуалы нашарлап кетеді деп қауіптенбей  дені сау ұрпақ әкелуге , сол ұрпақты саналы етіп тәрбиелеуге бар күш-жігерін аямай жұмсауы үшін мемлекеттің кепілдігі болуы қажет.

Жалпы балалардың денсаулығы, білім және әлеуметтік қамсыздандыру мәселесінен тыс, балалардың құқығын қорғау жағдайы да арнайы қарастыруды қажет етеді. Қазақстан жағдайында балалардың құқығы мен әлеуметтік жағдайы ЮНИСЕФ шеңберінде қарастырылады . Алдағы уақытта, Түркістан облысының әкімдігі балалардың құқығы, әлеуметтік жағдайын БҰҰ-ның қорлары мен республикалық, облыстық деңгейдегі үкіметтік емес ұйымдардың қызметімен байланыстыратын болады.

Қорытындылай келе, халықтың табиғи өсімі Қазақстанның демографиялық құрылымы үшін маңызды фактор болып табылады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, бос уақытын тиімді пайдалану, білім алу және балалардың құқықтарын қорғау тікелей жергілікті атқарушы органдардың құзырында. Осыған байланысты бүкіл республикада және Түркістанда әлеуметтік қамсыздандыруды, тегін білім беруді және бала денсаулығын дамыту үшін жағдай жасалуда.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті кішіпейіл азамат болып жетілуін қалайды.Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі қазақтың «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз,тілалғыш етіп баулыған жөн.Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да-орны бөлек, әке мен ана баланың алғашқы ұстазы.Отбасы –ең үлкен ,мықты тәрбие ошағы , шағын  мемлекет. Отбасы негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдени-әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу.

Түркістан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен  2015 жылдан бері бірлескен түрде жаңа жобаларды жүзеге асырып, республикалық пилоттық жоба негізіндегі іс-шаралардың авторы бола біліп  және осы дәстүрді лайықты жалғастырамыз.

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*