Түркістан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов мемлекеттік қызметшілердің этикалық ережелерін сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған кезекті кеңес өткізді.
Кеңесте мемлекеттік қызметшілердің жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларына ерекше мән берілді. Атап айтқанда:
Қоғамдық және жеке өмірде қарапайымдылық таныту;
Лауазымын асыра пайдаланбау және жеке мақсатта қолданбау;
Адамгершілікке нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу
Кеңес қорытындысы бойынша, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау және кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шараларын жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді. Сондай-ақ, қоғамда және ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарының өзектілігіне назар аударылды.
Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ – барлығымыздың ортақ міндетіміз!