Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының оның ішінде әйел – ананың рөлін нығайтуға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған республикалық «Зорлық зрмбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акция барысында Төлеби ауданы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен кездесу өтті.
Іс-шараға аудандық полиция бөлімінің аға инспекторы, әжелер алқасы,аналар кеңесі мүшелері, қалалық емхана, аудандық аурухана психологтары жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторы мамандары, үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері, студенттер, жастар ресурстық орталығы қызметкерлері, жоғарғы сынып оқушылары мен аудандағы ерікті жастар қатысты.
Жиында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері өнер көрсетті. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері мен зардабына тоқталып, аудан тұрғындарын зорлық-зомбылықсыз өмір сүруге шақырылды. Құқық қорғау органдары әйелдерге отбасында зорлық-зомбылық көрсетуші тұлғалармен де, күш көрсетушілердің құрбандарымен де бірлесіп әрекет ең бірінші, көп жағдайда жалғыз ғана әлеуметтік институт болып табылады. Сондықтан сіздерге әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге үндей отырып, тұрмыстық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда бірлесе жұмыс жүргізуге шақырамын – деп өз ойын ашық білдірді. Несібелі ана неке бұзушылық, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық мәселелері, отбасы құндылығы жөнінде айтып өтті. Сонымен қатар кездесуге қатысушылар