Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою және алдын алу мақсатында, Мақтаарал аудандық полиция бөлімі тарапынан, мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, жұртшылықты және бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы өткізілуде.
Іс-шараның мақсаты, елді мекендерде халықты осы салада қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етуге және жәбірленушілерге қатысты зорлық-зомбылық қолданылған жағдайда зардап шеккендердің іс-қимыл алгоритмі туралы, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушыларды заңнамалық өзгерістермен таныстыруға бағытталған көшпелі іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Осыған орай, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің басшылығымен және “Жастар ресурстық орталығының” ұйымдастыруымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу бойынша, дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылып өткізілді.
Жиын барысында, ағымдағы жылдың осы мерзіміне дейін, аудан аумағында, 200-ге жуық отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы құқық бұзушылықтар тіркелгенін ескеріп, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ жайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша біргелікте тексеріп, жайсыз және қиын жағдайға тап болған отбасыларға кешенді көмек көрсету мәселелері талқыланды.