Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » Арыста «Зорлық — қомбылықсыз 16 күн белсенділік» акциясы жалғасуда

Арыста «Зорлық — қомбылықсыз 16 күн белсенділік» акциясы жалғасуда

 Арыс аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен№17 колледжінде «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік акциясы аясында, «Булингке жол жоқ» тақырыпта студенттерімен жиыны өтті.
Акцияның мақсаты — әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмауға және жолын кесуге, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының оның ішінде әйел-ананың рөлін нығайтуға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған, мемлекеттің қабылдап жатқан шаралары туралы халыққа кеңінен таныстыру болып табылады.
Кездесудің мақсаты: Жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау.
Жиынға қатысқандар: №17 колледж Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Асанова Шынар, колледж психологы Ерубаева Арайлым Арыс АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ инспекторы полиция майоры Мырзахметова Айжан Адилбековна және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-психологы Үсен Ақбота қатысып, өз түсіндірме жұмыстарын жүргізіп буллинг және кибербуллинг тақырыбында видеоролик көрсетіліп түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу соңында студенттер тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, оған жауаптар алынды.
Арыс аудандық полиция бөлімі.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*