«Бақытты отбасы – бақытты ел» ұранымен қолға алынған іс-шара шеңберінде сонымен қатар Әйелдерге қатысты Халықаралық зорлық-зомбылық көрсетуді жою күні аталып өтіледі. Бүгінде үлкен күшке, маңызды іс-шараға айналған науқанның басты көздегені – ана мен баланы қорғау. Акция аясында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамдағы отбасы құндылығын арттырып, қыз-келіншектердің құқықтық сауаттылығын арттыру және отбасында зорлық-зомбылық жасауға бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуге баса назар аударылады.
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы отбасында қыз-келіншектерге қатыгездік көрсету, күш қолдану, жәбірлеу, тіл тигізу, ар-намысын таптау секілді қоғамдық резонанс тудыратын қылмыстардың әлеуметтік, психологиялық, тұрмыстық түйінін шешуге бағытталған.
Сондықтан да республика бойынша жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін бұл іс-шараға тек мүдделі мемлекеттік, үкіметтік органдар емес, бүкіл жұртшылық, БАҚ, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері бір кісідей атсалысып келеді.
jetpisbai.kz Ұлы Дала жаңалықтары