Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Көкейтесті » ЖАСТАР АРСЫНДА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

ЖАСТАР АРСЫНДА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Ислам – ақылдың, білімнің, мейірімділік пен жанашырлықтың діні. Сондықтан да теріс ағымның қаншалықты қауіпті екенін, олардың артында да үлкен күштердің теріс пиғылы тұрғанын ескерту – негізгі мақсат.
Осы орайда бүгін қала көлемінде дін мәселелері бойынша жұмыс жүргізетін ақпараттық түсіндірме топ мүшелерінің қатысуымен Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің жоғарғы сынып оқушылар арасында «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында жиын өтті.
Кездесудің мақсаты ислам дініндегі құндылықтары туралы мәліметтер алуға, дәстүрлі дін және жат пиғылды діни ағымдардың не екендігін ұқтыру, діннің діңгегі – дәстүрімен беріктігін насихаттау болып табылады.
Жиын соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*