Түркістан облысының Сайрам ауданында орналасқан «Sairam Thermal Resort» шипажайы ем алушыларға жоғары білікті медициналық көмек, ыңғайлы тұрғын жайлар, дәмді және пайдалы тағамдар, жылдам қызмет көрсету және бос уақытты тиімді пайдалану үшін түрлі қызмет көрсетуімен ерекшеленеді.
Мемлекет және қоғам қайраткері Қалық Абдуллаев негізін қалап кеткен шипажайда озық үлгідегі ең заманауи жабдықтар қойылған. Шипажай қонақтары емдік ванналар қабылдап, асқазан, ішек жолдары, буын ауруларының алдын алуға арналған кешенді ем ала алады.
Шипажайдың іргетасы 2019 жылы қаланған. Ем алушылар саны жылына он мыңға жетіп артылады. Шипажайдың ерекшелігі шипалы суында. Ол су шипажай аумағында орналасқан ұңғымадан 1280 метр тереңдіктен алынатыны да емдеу орталығының ғанибет бір парасы…
© Jetpisbai.kz