Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКЕН ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТКЕН ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАР

Ақмола облысы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2025 жылғы 28 — 30 қаңтар аралығында «Туризм және спорт» бағыты бойынша 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XX республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Возможно, это изображение 8 человек и текст
Байқаудың мақсаты – балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады.
Возможно, это изображение 13 человек и текст
Байқауға Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округіндегі Бейсен Оңтаев атындағы ЖББМ және «Зерде» ЖББМ оқушылары Қаныбек Дінмұхамед пен Әбубәкір Кәусар жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Білім алушылардың жетістіктері құтты болсын!
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*