Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » САМБО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫНА СӘТТІЛІКТЕР ТІЛЕЙМІЗ!

САМБО ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫНА СӘТТІЛІКТЕР ТІЛЕЙМІЗ!

Республикалық маңызы бар үшінші мегаполис қаланың спорттын дамуытуға ерекше көңіл бөліне бастады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі танымал журналист Илияс Жолдастың әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап. Соның ішінде, жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелейтін самбо күресін әлемдік деңгейге көтеру мақсатында кәсіби федерация құрылып, жаңа басшылық құрамы тағайындалды. Мамандар бірауыздан федерация президенті ретінде Әмірханов Бейбітқазы Құрметқазыұлын сайлады.
Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков, жаңадан сайланған қалалық самбо және жауынгерлік самбо күресі федерациясының құрамымен кездесті.
Возможно, это изображение 3 человека и костюм
Қазіргі таңда самбо күресі Шымкент қаласында арнайы үш спорт мектебінде қарқынды дамып келеді. Оларда 450-ден астам кәсіби спортшы ел намысын қорғап жүр. Самбо шеберлері сайын түрлі халықаралық додаларда топ жарып, жүлделі орындарға ие болуда. Жауынгерлік самбо күресінен жерлесіміз Арман Оспанов бірнеше дүркін әлемдік жарыстарда чемпион атанды.
Жаңа басшылықтың басты мақсаты – самбо күресінің дамуын жаңа белеске көтеру. Жаңа федерацияның президенті сала мамандарымен бірлесе отырып, бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізуге дайын екенін жеткізді.
Возможно, это изображение 1 человек
Болашақта жергілікті жастар мен жасөспірімдерге кеңінен мүмкіндік жасап, спортшылардың шыңдалуына жағдай туғызу – федерацияның басты міндеттерінің бірі болмақ.
Самбо федерациясының жаңа құрамына сәттіліктер тілейміз!
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*