Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Галымжан Алматов баспасөз мәслихатын өткізді.
Ғалымжан Бауыржанұлы журналистерге Департамент тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасап, 2025 жылға арналған жоспарлар мен міндеттемелерді таныстырды.

2024 жылы Түркістан облысында 498 білім беру ұйымына мемлекеттік аттестаттау жүргізілген. Оның қатарында 193 балабақша, 304 мектеп, 1 колледж бар. Нәтижесінде 32 балабақша, 49 мектеп мемлекеттік аттестаттаудан өткен.

«Облыстағы 441 білім беру ұйымында қайта мемлекеттік аттестаттау жүргізілді. Оның ішінде, 407 мекеменің білім беру қызметі – мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттық талаптарына сәйкес келіп, қайта аттестатталды. Сондай-ақ, 89 мектептің білім беру қызметімен айналысатын мемлекеттік лицензиясы уақытша тоқтатылды. Бұдан бөлек, департаментке 2024 жылдың есебі бойынша, «Е-Өтініш» порталы арқылы 328 өтініш түскен. Оның ішінде, 45 өтініш бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, заң бұзушылықтар анықталған. Оларға 39 нұсқама беріліп, 12 әкімшілік іс қозғалды», – деді спикер.

Өз кезегінде Департамент басшысы журналистердің қойған сауалдарына жауап беріп, алдағы уақытта білім беру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.
© Jetpisbai.kz