Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы аумағында пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың жаңадан құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында “Бақылау” профилактикалық іс-шарасы тұрақты түрде өткізіледі. Осыған орай, бүгін Еңбекші аудандық прокуратура мен жергілікті полиция қызметі және пробация қызметкерлері бірлесе қайта қылмысқа бейім сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша түнгі уақытта тексеру жұмыстарын жүргізді.

Бұдан бөлек, сотталғандар арасында қылмыстың алдын алу, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету арқылы мінез-құлқын түзету, жұмысқа орналастыру және оларға залалды өтеу туралы сот актілерін орындату мақсатында пробация, әкімдік, қорғаншылық және қамқоршылық органы жергілікті полиция қызметі бөлімінің кызметкерлері және сот орындаушылармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аудан аумағындағы пробациялық және жергілікті полиция қызметінің есебінде тұратын азаматтарға, Қылмыстық-атқару кодексінде белгіленген жазаны өтеу шарттарына салғырттықпен қарамай, қатаң ұстану керектігін назарларыңызға саламыз!
© Jetpisbai.kz