Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Шымкент » АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР: ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙДІ

АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР: ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ТАЛАПТАРЫ КҮШЕЙДІ

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер үшін міндетті лицензиялау енгізілді. Шымкент қаласында басқармаға қарасты 11 әлеуметтік орталық лицензия алуға дайын, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека, отдел новостей и текст «лыН адам жоспар- 26,5 мын адам накты 24,2 мын адам 91,5% Жастара шГЫН несие беру жоспар 273 адам 023 023Ж ж ЗдыК ДЕНГЕЙ! 3ДЫКДЕНГЕЙ! ЕЙΊ ,99 2024 ж токсан 4,8% ЖАСТАР ЖуМЫГ 2023Ж Ж 4 4Ж 3, 3,7% отЕБАЕва MANAT WAHAT Mpe OMIPCI МЕРСЕЙРТНЫЗЫ отюызы OMIPCE»
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №230 бұйрығына сәйкес, мемлекеттен қаржыландырылатын барлық үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен мемлекеттік мекемелер лицензия алуы тиіс. Бұл шараның басты мақсаты – мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қызметтің сапасын арттырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Лицензия алу үшін мекемелер бірнеше талапқа сай болуы қажет. Олардың қатарында санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды, өрт қауіпсіздігі актісі, медициналық лицензия, штаттық құрылымның бекітілуі және ғимараттың нысаналық мақсатына сәйкестігі секілді шарттар бар. Құжаттар «Әлеуметтік қызметтер» порталы (aleumet.egov.kz) арқылы қабылданады.
Возможно, это изображение 4 человека, отдел новостей и текст
Алайда, көптеген ҮЕҰ бұл талаптарды орындауда қиындықтарға тап болып отыр. Кейбір ұйымдар ғимаратты жалға алатындықтан, құжаттарын рәсімдеу мәселесінде кешігуде. Қазір Шымкент қаласында 3 ҮЕҰ мен 1 мемлекеттік орталық лицензия алды. Басқармаға қарасты 10 мекеме құжаттарын сәйкестендіріп жатыр.
Лицензия ала алмаған ҮЕҰ-лардан қызмет алушыларға балама ретінде басқармаға қарасты орталықтар ұсынылуда. Мәселен, №6 «Балалар» орталығы 100 орынға лайықталып, 62 балаға қызмет көрсетуде. Мұнда ҮЕҰ-дан қызмет алып келген 38 баланы орналастыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, №8 «Қамқорлық» орталығы 150 орынға арналған, қазір 143 бала қамтылған.
Алдағы уақытта психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан азаматтарға арналған 50 орындық жартылай стационарлық орталық ашу жоспарланып отыр. Қазір тиісті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Возможно, это изображение 2 человека и текст «ШЫмкент ΘΗИΡЛΙΚ ОыЗеЙ NSNE КАЦИЯЛАР (()) LIVE БУΓΙΗΓΙ БРИФИНГТЕ АРнАУлЫ ЭЛЕУМЕТТΙК КЫЗМЕТТЕР: лицензиялау ТАЛАПТАРЫ КУШЕЙДИ косипяернным. *Bectay Бизнеса жобасы грант 3383 X Субоидикленатым жумые орьнщары 2550 260 рындары 90.2 100.5 10696 адам 100.0 багдарламасы курылатьжум курылатын жума 2456 2456 нобасы 128.5 2251 1802 768 1531 1068 гуракты кобасы кумыека куРу ndi ー 5926 адам 5272 гкИи Омым АилёнОе Жас 2700 910 513 кумыс орнынди 1500 200 Керсетыштер жастарга 2,5% шагын eCTe Saps rsk.shymkent»
Лицензиялау – әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Қазіргі басты міндет – ерекше жандарға үздіксіз және сапалы қызмет көрсету.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*