Бүгін Шымкент қаласы, Еңбекші ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өткізілді. Ауқымды сенбілікке аудан әкімі Досбол Есилбек, аудан тұрғындары, Еңбекші аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері және ардагерлер қатысты. Іс-шара барысында ирригациялық жүйелерді, көше бойын, аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Акцияның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға қоғамның назарын аудару болып табылады. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тазалық мәдениетін қалыптастыру әрбір азаматтың басты міндеті.

Акция аясында Еңбекші ауданы бойынша апта бойы осы бағытта іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
© Jetpisbai.kz