Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ «ШОМШАҚТЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ «ШОМШАҚТЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Галымжан Алматов Төлеби ауданы, Зертас ауылындағы Шомшақты жалпы білім беретін мектебнің тыныс-тіршілігімен танысты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Білім Саласындағы Департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап. Аудандағы үздік білім беру ұйымының жұмысы туралы мектеп директоры Қ.Қаратаев баяндап, білім ордасының жетістіктері мен оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктерін таныстырды. Мектеп директоры Қайрат Құрбаналіұлы 2023 жылы 6 наурызда ротациямен тағайындалған. Мектепте 28 мұғалім, 228 оқушы біліммен қамтылуда. Педагогтердің сапалық құрамы : шебер-1, зерттеуші-10, сарапшы-10, модератор-2, оның ішінде магистрлер-6. Ы.Алтынсарин медалінің иегерлері -2.
Возможно, это изображение 3 человека, костюм, отдел новостей и Овальный кабинет
Аталған білім ордасында “Табысты білім беру ұйымының заманауи моделі” тақырыбы аясында ашылған 7 кабинет бар. Олар: Анарбек Оспанов -ҰОС ардагері, Бердиев Алиакбар- соғыс және еңбек ардагері, Қадыр Сейданов –«Ш.Айманов»киностудиясының режиссері, ауыл түлегі,Сарқыт Салхожаева- мектептің алғашқы ұстаздарының бірі, зейнеткер, Әріпбек Мұстафаев- алғашқы ұстаз, зейнеткер, Сапарбек Досыбаев -алғашқы ұстаз, зейнеткер, Иса Аппазов- ауылдағы алғашқы мектеп директоры болған азаматтардың құрметіне берілген.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*