Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ ҒАСЫРДАН АСҚАН БІЛІМ ОРДАСЫ!

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДАҒЫ ҒАСЫРДАН АСҚАН БІЛІМ ОРДАСЫ!

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов Төлеби ауданында өткен іссапары барысында өңірдегі ең алғаш ашылған мектепке арнайы барды, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Білім Саласындағы Департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 6 человек и текст
М.Х.Дулати атындағы жалпы білім беретін мектеп 1904 жылы құрылған. Білім ордасы алғашында Георгивка поселкесінде 3 сыныптық Прихот мектеп ретінде ашылып, оның меңгерушісі Валентин Андреевич Сакулин болған. Кейін оқу мерзімі 7 жылдық болған. 1936 – 1938 жылдары типтік бастауыш мектеп ғимараты, сынып бөлмелері және мектеп басшысына арналып пәтер салынған. Алғаш мектепте 200-220 оқушы болса, 1940 жылы 700-800 оқушы болды. 1972 жылы 540 балаға арналған жаңа типті 3 қабатты ғимарат салынып, пайдалануға берілді. 1992 жылы қазақ сыныптары ашылды.
Возможно, это изображение 6 человек и текст
2000 жылға дейін Георгив орта мектебі деп аталып, осы жылы М.Х.Дулати атындағы жалпы орта мектеп болып өзгертілді. 2013 жылы 200 орынға арналған қосымша 3 қабатты ғимарат соғылып 2014 жылы пайдалануға берілді. 2016 жылы демеушілікпен заманауи жабық спорт кешені салынып пайдалануға берілді.
121 жылдық тарихы бар бұл мектептің жетістіктері орасан!
Оқушылары халықаралық олимпиадалар мен байқауларда биік белестерді бағындырып келеді. 2023-2024 жылдан бері мектеп директор С.Амангельдиев басшылық етіп, жаңашыл білім беру технологияларын енгізуде нәтижелі жұмыстар атқаруда.
Возможно, это изображение 7 человек, люди учатся и текст
Мектептің миссиясы: Мектеп мәдениетін құрметтейтін, зерттеу дағдылары қалыптасқан, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Бүгінгі таңда, М.Х.Дулати атындағы жалпы білім беретін мектебі
Төлеби ауданындағы алдыңғы қатарлы мектептердің бірі.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*