ҚР Оқу-ағарту министрлігі Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарына жауап берді, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Білім Саласындағы Департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.

Кездесу барысында тұрғындар ақылы курстар мен сертификаттардың жарамдылық мерзімі, мұғалімдердің санаты, жұмысқа қабылдау, ғаламтордың жылдамдығы, мектептердің материалдық базасын жабдықтау сияқты мәселелерді көтерді.

Өз кезегінде, Департамент басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы соңғы жылдары мемлекет тарапынан білім саласына ерекше көңіл бөлініп, мұғалімдердің мәртебесі артқанын және жалақыларының едәуір көтерілгенін атап өтті. Сондай-ақ, қойылған сұрақтарға заң аясында тиісті жауаптар берді.
© Jetpisbai.kz