Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » АРДАГЕР ҰСТАЗ ЖАМАЛБЕКОВА МАҒАУИЯ ТІЛЕКБАЙҚЫЗЫ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

АРДАГЕР ҰСТАЗ ЖАМАЛБЕКОВА МАҒАУИЯ ТІЛЕКБАЙҚЫЗЫ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Галымжан Алматов ардагер ұстаз Жамалбекова Мағауия Тілекбайқызы арнайы құттықтады, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Білім Саласындағы Департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 2 человека, помост и текст
Ғалымжан Бауыржанұлы ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының аға буын ұстаздарға әрдайым құрмет көрсетіп, оларды үлгі тұтатынын айта келе,өзі де өңірдің білім саласына үлес қосқан ұстаздарды қадірлеуді маңызды деп санайтынын жеткізді.
Ардагер ұстаздың иығына шапан жауып, өз ризашылығын білдіріп, ізгі тілегін арнады.
Возможно, это изображение 2 человека
Жамалбекова Мағауия Тілекбайқызы 1954 жылы Маңғыстау облысы, Таушық поселкасында дүниеге келген.
1972 жылы орта білімді аяқтап Алматы қаласындағы қыздар педагогикалық институтының тарих-педагогика факультетіне түсіп, 1977 жылы аяқтап, еңбек жолын туған елінде бастады.
1994 жылдан бері Төлеби ауданы, Көксәйек ауылындағы М. Х. Дулати атындағы ЖББ мектебінде тарих пәнінің мұғалімі қызметін абройымен атқарып,аудандық, облыстық,республикалық дәрежеде марапатталып, Қазақстан Республикасының «Білім беру үздігі» атанды.
Возможно, это изображение 2 человека и текст
Бүгінгі таңда, зейнеттегі ардагер ұстаз ұрпақ құрметіне ие.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*