Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Түркістан » ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ПЕДАГОГТЕРМЕН АШЫҚ СҰХБАТ ӨТКІЗДІ

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ПЕДАГОГТЕРМЕН АШЫҚ СҰХБАТ ӨТКІЗДІ

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Галымжан Алматов аудандағы білім беру ұйымдарының жас педагогтерімен сұхбат алмасты, – деп хабарлайды Jetpisbai.kz тілшісі Білім Саласындағы Департаментінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Возможно, это изображение 8 человек
Ғалымжан Бауыржанұлы «Бүгінгі заман жастары бақытты деп айтуға толықтай негіз бар. Білім саласының барлық қажеттеліктері мемлекет тарапынан кезең-кезеңмен шешілуде. Педагог мамандығын таңдаған жастар болашақтың ұстасы деген сөз бар. Себебі, мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жол тартады» деп жас мамандарға жігер берді.
Төлеби жалпы білім беретін мектебінің жас маман тәлімгері, педагог-зерттеуші Әбетаева Нұрғайша Бектемірқызы тәлімгер ретінде жас мұғалімдерге көмек беріп жатқанын, екі жыл ішінде жас мұғалімдерінің жетістіктерін таныстырып өтті. Сонымен қатар, жас мамандарға үлкен ұстаздардың тәжірибесін үйренуден қашпау керектігін де атап өтті.
Керегетас жалпы білім беретін мектебінің педагогі (жас маман) Құралбай Әмірхан Досымханұлы болашағын ойлайтын ел бала оқытатынын айта келе, тәлімгер ұстаздарына ризашылығын жеткізді.
Возможно, это изображение 4 человека и костюм
Түркістан облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Департамент жанындағы педагогикалық әдеп кеңесінің мүшесі Bahit Erkinbek те өз ойын ортаға салды.
Өз кезегінде, Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіндегі педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес мүшесі, Түркістан облысының білім саласының «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Байғұт Нышан Тасболатұлы:
— Білікті маман кез-келген нәрсеге оңай қол жеткізе алады. Педагогикалық ұжыммен жағымды қарым-қатынас орнату, ата-анамен ұдайы байланыс жасау, алдында отырған балаға бойындағы бар білімін беру, білікті маманның ұлағатты ұстаз деген келбетін айқындайды. Сондықтан барлығымыз ұстаз деген атқа лайықты болуымыз керек — деп ақыл кеңесімен бөлісті.
Возможно, это изображение 1 человек и текст «TURKSHAN Телеби ауданынын δίπ саласынданы з мэселелер.»> ROGED ROQED»
«Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Департамент жанындағы педагогикалық әдеп кеңесінің мүшесі Ж. Шайдулла
— Кәсіподақ ұйымдарының мақсаты – мұғалімдер мен жұмысшы қызметкерлердің әлеуметтік – экономикалық жағдайларының жақсаруына, құқығының қорғалуына әркез көмек беріп, қолдау көрсету. Біз әрдайым ұстаз құқығының бұзылмауын баса назарда ұстаймыз, әрі соған жұмыс істеп келе жатырмыз деді.
Бұдан соң жас педагогтер өздерін мазалаған сауалдарды қойып, тиісті жауаптар алды.
Возможно, это изображение 1 человек, помост и текст
Жиын соңында Департамент басшысы байланыс үшін номерін қалдырып, Жас мамандарды лайықты педагог болуға шақырып, наурыз айында келе жатқан мерекелермен құттықтап, сәттілік тіледі.
© Jetpisbai.kz

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*