Жарнама жариялау құны: дайын материалды орналастыру – 30 мың теңге; 720х90 пиксельді баннер орналастыру – 140 мың теңге (30 күнге).
Главная » Қоғам » АЛҒЫСПЕН ЕР КӨГЕРЕР!

АЛҒЫСПЕН ЕР КӨГЕРЕР!

 

Шымкент қаласының тұрғыны әлеуметтік желі қолданушысы Сабыр есімді азамат Қаратау аудандық полиция басқармасының бастығына және аудандық полиция басқармасы қызметкерлеріне алғысын білдіріп, жазба қалдырыпты. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «jetpisbai.kz» ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ол өз сөзінде, «Қаратау аудандық полиция қызметкерлері, оның ішінде Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Руслан Каримовке алғысым шексіз. Карантин режиміне қарамастан барша тұрғындарға әрқашан көмек беруге дайын. Көптеген мұқтаж отбасыларға қолынан келгенше әруақытта көмек қолын созып жүреді. Дәл осындай қызметкерлердің қатары қаламызда, елдімізде көп болса деймін. Себебі, артымыздан еріп келе жатқан жастарымыз осындай қызметкерлерге қарап, «мен полиция боламын» деп ансағанын қалаймын. Осы аталған қызметкер көптеген алаяқтарды ұстап, алаяқтық жолын кескен. Сонымен қатар, жұмыстарды алдағы уақытта да тәртіп сақшылары үнемі жалғастыратын болады деген үміттемін» деп атап кетіпті.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің почтаңыз көрінбейді. Толтыру міндетті *

*